«Наурыз – құт, береке бастауы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
1"б"сыныбында «Наурыз – құт, береке бастауы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу болды. Тәрбие сағаты барысында оқушылар Наурыз мерекесінің тарихымен танысып, мақал-мәтелдер айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әндер шырқалып, би биленіп, көріністер қойылды.