01
қыркүйек
2024
2024 жылдың қыркүйек айының 1-і күні "Нұрай" білім беру орталығында "Мектебім-мерейлі мекенім" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
2024 жылдың қыркүйек айының 1-і күні "Нұрай" білім беру орталығында "Мектебім-мерейлі мекенім" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға мектеп алаңы тақырыптық баннермен, шарлармен, гүлдермен безендірілді. Іс-шара барысында 1 сынып оқушылары қошеметпен ортаға шақырылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды."Нұрай" білім беру орталығының құрылтайшысы Қасым Марат Жарылқасынұлы және білім беру орталығының директоры Байжанова Аятгуль Молдаханқызы оқушыларды, ұстаздарды және ата-аналарды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. 4 сынып оқушылары қазақ биін нақышына келтіріп билеп, "Менің Қазақстаным" атты хорды орындады. Сонымен қатар "Алтын ұя мектебім" тақырыбында сахналық қойылым көрсетіліп, іс-шара жандандырылды. 1 сынып оқушылары тарапынан мәнерлеп өлең оқып, хормен ән орындады. Алғашқы қоңырау соғылып, 1 сынып оқушылары алғашқы сабаққа шақырылды.
















