25
қазан
2024
«Мен Отанның Қыранымын» тақырыбында патриоттық форум
2024 жылдың қазан айының 24-і күні «Нұрай» білім беру орталығында «Мен Отанның Қыранымын» тақырыбында патриоттық форум өткізілді. Патриоттық форумның мақсаты: Мектептегі үздік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын, тәртіпті оқушыларды «25 қазан-Республика күні» мерекесі қарсаңында Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау. Осы мақсатта 4-сынып оқушылары ұйымға қабылданды.




