30
желтоқсан
2024
Педагогикалық кеңесте ІІ-тоқсандағы оқу бағдарламасының орындалуы, білім сапасының қорытындысы
"Нұрай" білім беру орталығында 2024 жылдың желтоқсан айының 30-ы күні "Оқушыны жан-жақты қалыптастырудағы мектептегі тәрбие үрдісінің рөлі" тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесте ІІ-тоқсандағы оқу бағдарламасының орындалуы, білім сапасының қорытындысы, "Bilim class" электронды журналының жүргізілу жағдайы, дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыс нәтижесі, т.б мәселелер қарастырылды.