25
желтоқсан
2024
Жаңа жыл мерекесіне орай 3-4 сынып оқушыларына арналған “Қош келдің Жаңа жыл” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
2024 жылдың желтоқсан айының 25-і күні “Нұрай” білім беру орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай 3-4 сынып оқушыларына арналған “Қош келдің Жаңа жыл” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш “Домбыра” үйірмесінің оркестрінің “Jingle Bells” әуенімен басталды. 4 сынып оқушылары карнавалды вальс орындап, “Жайна Қазақстан” әнін хормен айтты. Мектебіміздің директоры А.М.Байжанова оқушыларды, ата-аналарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, аудандық, облыстық байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары марапаттады.