20
қаңтар
2025
“Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ” жобасы аясында “Нұрай” білім беру орталығында 2025 жылдың қаңтар айының 20-30 күндері аралығында жоспарланған бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі
Аудандық “Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ” жобасы аясында “Нұрай” білім беру орталығында 2025 жылдың қаңтар айының 20-30 күндері аралығында жоспарланған бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің “Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдары” тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты қаңтар айының 20-ы күні ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында мектеп директоры А.М.Байжанова онкүндіктің мақсатты өткізілуіне сәттілік тілеп, жоспары таныстырылды. 




