26
наурыз
2025
“Кәсіби құзыреттілік: Нәтижеге бағытталған білім сапасы” тақырыбында
Наурыз айының 27-і күні “Нұрай” білім беру орталығында “Кәсіби құзыреттілік: Нәтижеге бағытталған білім сапасы” тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесте ІІІ- тоқсанның білім сапасы, “Bilim class” электронды журналының жүргізілу деңгейі, ұстаздарды аттестаттау жұмысының барысы, “ Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында атқарылған жұмыстар, т.б келелі мәселелер қарастырылды.


