01
қыркүйек
2025
1 қыркүйек - Білім күніне арналған “Мектебім-мейірім мекені” атты салтанатты жиын өткізілді.
“Нұрай”білім беру орталығында 1 қыркүйек - Білім күніне арналған “Мектебім-мейірім мекені” атты салтанатты жиын өткізілді. Мерекеге сай мектеп алаңы безендіріліп, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар іс-шараның құрметті қонағы болды.Салтанатты жиында мектеп құрылтайшысы Қасым Марат Жарылқасынұлы, мектеп директоры Қалқабаева Асипа Асанқызы ізгі тілек білдіріп, білімгерлерді құттықтады. Сонымен қатар, “Жаз және Мектеп” тақырыбында сахналық қойылымда оқушылардың жазғы демалыстан білімге шақыру көрінісі көрсетілсе, мектебіміздің өнерлі оқушылары әсем әндері мен керемет билерімен мерекені жандандырды. Жиын қорытындысында 1-сынып оқушылары үшін “Алғашқы қоңырау” үні соғылды.










