2 «А» сыныбында «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. » «Білімгер» білім беру орталығы»
«Білімгер» бастауыш мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 5-00-55
Есепші бөлімі:
+7(771) 549-96-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2 «А» сыныбында «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
10
қазан
2025

2 «А» сыныбында «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.


Анықтама

2025 жылдың 10 қазан күні «Нұрай» білім беру орталығында 2 «А» сыныбында
«Баланың бас ұстазы – ата-анасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысты сынып жетекшісі Онбаева София ұйымдастырып, жүргізді.

Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушының тұлғалық дамуы мен тәрбиесінде ата-ананың шешуші рөлін көрсету, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және балаға деген ортақ жауапкершілікті арттыру болды.

Іс-шара барысында ата-аналарға мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының маңызы түсіндірілді. Баланың мінез-құлқы, оқу үлгерімі және үй мен мектеп арасындағы байланыс мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ата-аналар балаларының оқуына, тәртібіне және тәрбиесіне қатысты пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасты.

Сынып жетекшісі ата-аналарға баланың жеке қабілетін дамыту, үлгілі тәртіпке баулу және оқуға ынталандыру жолдары жөнінде кеңестер берді. Сонымен қатар, ата-аналарға мектеп өміріне белсене араласу қажеттілігі айтылды.

Жиналыс өз мақсатына жетіп, ата-аналар тарапынан оң пікірлер айтылды. Іс-шара жылы, достық қарым-қатынаста өтті.

Өткізілген орны: «Нұрай» білім беру орталығы
Өткізілген күні: 10.10.2025 ж.
Өткізген: 2 «А» сынып жетекшісі Онбаева София

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив