11
қараша
2025
«Қоғамдағы мұғалімнің бейнесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
2025 жылдың 11 қарашасы «Нұрай» білім беру орталығында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.Н.Бегимбаева жас мамандармен «Қоғамдағы мұғалімнің бейнесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында ҚР «Білім туралы» Заңы, «Педагог мәртебесі» заңы таныстырылып, ұстаздың әдеп нормаларын түсіндірді. Сонымен қатар, жас мамандарға оқушылармен, ата-аналармен және қоғаммен қарым-қатынас кезінде өзін-өзі ұстау этикасы, мүғалім келбеті, мәдениеті тақырыбында кеңестер берілді. Ұстаздарға №130 бұйрық таныстырылып, ҚМЖ жасау жолдарында әдістемелік көмек көрсетілді. Семинар барысында тренинг ұйымдастырылып, ситуациялық жағдаятты шешу жолдары қарастырылды.