02
қыркүйек
2025
Торежанова Күміс Дайырбекқызы-бастауыш сынып мұғалімі
Мен, Торежанова Күміс Дайырбекқызы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келдім.1980 жылы М.И. Калинин атындағы орта мектепті аяқтадым. Сол жылы Өскемен қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түсіп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын таңдадым. 1983 жылы педагогикалық училищені ойдағыдай аяқтап, еңбек жолымды бастауыш сынып мұғалімі болып бастадым.
2005 жылы Тараз қаласындағы педагогикалық институтты бітіріп, жоғары білім алдым. Білім беру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосып келемін.
Қазіргі таңда жалпы еңбек өтілім 41 жылды құрайды. Ұстаздық қызметті үлкен жауапкершілікпен атқарып, оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты тәрбиеленуіне бар күш-жігерімді жұмсап келемін.
Өмірлік ұстанымым – білім беру саласында адал еңбек етіп, шәкірттерімнің болашағына өз үлесімді қосу.