12
қараша
2025
Цифрлық құзыреттілік пәні мұғалімі М.Солтанқұлов 2"б" сыныбында "Пернетақтамен жұмыс.Жоба құру" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
2025 жылдың қараша айының 12-і күні "Нұрай" білім беру орталығында "Бастауыш сынып пәндерінде құндылыққа бағытталған білім беру" атты айлық барысында цифрлық құзыреттілік пәні мұғалімі М.Солтанқұлов 2"б" сыныбында "Пернетақтамен жұмыс.Жоба құру" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылармен топтық, жеке жұмыстар жүргізіліп, "Wordwall" платформасы арқылы білімдері нығайтылды. Сонымен қатар оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында тапсырмалар беріліп, сабақ қорытындысында "Футбол" әдісі арқылы кері байланыс орнатылды. 












