04
желтоқсан
2025
"Ертегі әлемінде" атты 1-2 сыныптар арасында сахналық қойылым байқауы ұйымдастырлды.
"Нұрай" білім беру орталығында 2025 жылдың желтоқсан айының 4-і күні "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасының "Шабыт" жобасы аясында "Ертегі әлемінде" атты 1-2 сыныптар арасында сахналық қойылым байқауы ұйымдастырлды. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды ертегі қойылымы арқылы еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, жасампаздыққа тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыруда 1 "а" сынып - "Шалқан" , 1 "б" сынып- "Бауырсақ", 1 "в" сынып- "Рукавичка", 2 "а" сынып -"Мақта қыз бен мысық", 2 "б" сынып - "Жеті лақ", 2 "в" сынып -"Красная шапочка" ертегілерінен қойылым көрсетті. Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің рөліне еніп, өз өнерлерімен көрермендердің көңілінен шықты.




































