01 қыркүйек 2026 0 1 2 3 4 5 Бектіғұлова Назира Мақұлбекқызы- Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ӨмірбаянМен, Бектіғұлова Назира Мақұлбекқызы, 1975 жылғы 17 қазанда Меркі ауданында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.Білімім жоғары.Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтын 1996 жылы «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтадым.Еңбек жолымды 1996 жылы білім беру саласында бастадым. Қазіргі уақытта “Білімгер” бастауыш мектебі, балабақшасы ЖШС мектебіндеқазақ тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарамын. Жалпы педагогикалық еңбек өтілім – 30жыл.Білім беру саласында қызмет атқара жүріп, оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесімді қосып келемін.Педагогикалық қызметім барысында түрлі жетістіктерге жетіп, марапаттарға ие болдым. 1.«Республикалық Үздік педагог – 2013» байқауының жеңімпазы.2.Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама»байқауының жеңімпазы, ІІдәрежелі диплом, 2024 жыл.3.«Білім беру ұйымының үздік педагогі-2013» төсбелгісінің иегері, 2013 жыл.4.«Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері,2024 жыл5.ҚР Білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасы, 2020 жыл6.ҚР Білім және ғылым Министрінің Алғыс хаты, 2019 жылПедагогикалық қызметімде әріптестеріммен тәжірибе алмасуға, білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дамытуға бағытталған жұмыстарға белсенді қатысып келемін. Ұстаздық жолды үлкен жауапкершілік пен абыройлы міндет деп санаймын. Әр оқушының бойындағы қабілетті байқап, оны дамытуға жағдай жасау – басты мақсаттарымның бірі.Алдағы уақытта да кәсіби біліктілігімді арттырып, жинақтаған тәжірибемді білім алушылардың игілігіне жұмсап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге өз үлесімді қоса беруді мақсат етемін.Қазіргі уақытта Жамбыл облысы, Меркі ауданында тұрамын.