12
маусым
2024
Мектеп тарихы
Жамбыл облысы Меркі ауданы «Нұрай» білім беру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілді.
Заман талабына сай жабыдықталған мектебімізде бүгінгі күні бастауыш сыныптар бойынша 135 оқушы білім алып жатыр. Педагогтер саны – 23. Педагогтердің сапалық құрамы: 6 педагог -зерттеуші, 2 педагог- сарапшы, 1 магистрант.
Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінің алдында өз бетінше іздене алатын, өзіне қажетті білімді өз бетінше ала алатын тұлға тәрбиелеу міндеті тұр, бұл міндетті жүзеге асыруда оқыту технологияларының алатын орны ерекше. Ашылған күннен бастап білім беру үрдісіне оқытудың ақпараттық коммуникативті технологиясын енгізу жұмыстары қолға алынып,қарқынды жүргізіле бастады. Оқушылардың жан жақты білім алуы үшін мектебізде үйірме сабақтары ұйымдастырылған. Мектебімізде оқушылардың толыққанды және жаң-жақты білім алу мақсатында кабинеттер заманауи технологиялармен жабдықталған. Атап айтар болсақ, цифрлық сауаттылық кабинеті- 1, роботехника - 1, интерактивті тақтасы бар кабинеттер-8, 1 мультимедиа кабинеті. Оқушы білімінің жан жақтылығын арттыру мақсатында мектепте «Шахмат», қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату», салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Еркін күрес», сондай -ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Қыл қалам», «Жанды дауыс», «Мың бұралған бишілер», ұлттық брендіміз домбыраның сан қырлы табиғатын танытуда «Сырлы домбыра», сөз өнерінің сырлы сұлу сипатын айқындауда «Көркем сөз» үйірмелері жүйелі жұмыс жасайды. «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқын далады», - деп Елбасымыз айтқандай, болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орнын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.