“Менің болашақ мамандығым... “ байқауы ұйымдастырылды.
2026 жылдың қаңтар айының 29-ы күні “Білімгер” бастауыш мектебінде “Еңбегі адал жас өркен” жобасы аясында 2-сыныптар арасында “Менің болашақ мамандығым... “ байқауы ұйымдастырылды. Байқау мақсаты:Оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру. Оқушылар дәрігер, әнші, суретші, аспазшы, өрт сөндіруші, мұғалім, еден жуушы, сот, полиция қызметкері мамандықтарынан рөлдік ойын арқылы сахналық қойылым көрсетті.