Біз туралы » Страница 11 » «Білімгер» білім беру орталығы»
«Білімгер» бастауыш мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 5-00-55
Есепші бөлімі:
+7(771) 549-96-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жасанды интеллект платформаларын сабақта қолдану тиімділігі» тақырыбындағы платформа әлеміне  виртуалды саяхат  атты әдістемелік семинар өткізілді.
08
желтоқсан
2025
«Жасанды интеллект платформаларын сабақта қолдану тиімділігі»
2025 жылдың 08 желтоқсан күні «Нұрай» білім беру орталығында  «Жасанды интеллект платформаларын сабақта қолдану тиімділігі» тақырыбындағы платформа әлеміне  виртуалды саяхат  атты әдістемелік семинар өткізілді.  Семинарда цифрлық құзыреттілік  пәнінің мұғалімі М.Солтанқұлов баяндама жасап, жасанды интеллект платформаларына шолу жасады және ЖИ-ді сабақта қолдану жолдарымен таныстырды. Семинар барысында практикалық жұмыс жүргізілді. ЖИ құралдарын әр пәнде қалай пайдалану жолдарын көрсетті.
"Ертегі әлемінде" атты 1-2 сыныптар арасында сахналық қойылым байқауы ұйымдастырлды.
04
желтоқсан
2025
"Ертегі әлемінде" атты 1-2 сыныптар арасында сахналық қойылым байқауы
"Нұрай" білім беру орталығында 2025 жылдың желтоқсан айының 4-і күні "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасының "Шабыт" жобасы аясында "Ертегі әлемінде" атты 1-2 сыныптар арасында сахналық қойылым байқауы ұйымдастырлды.  Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды ертегі қойылымы арқылы еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, жасампаздыққа  тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыруда 1 "а" сынып - "Шалқан" , 1 "б" сынып- "Бауырсақ", 1 "в" сынып- "Рукавичка", 2 "а" сынып -"Мақта қыз бен мысық", 2 "б" сынып - "Жеті лақ",
“Жалпы дамытуға арналған жаттығулар” тақырыбында ашық сабақ өтті.
02
желтоқсан
2025
“Жалпы дамытуға арналған жаттығулар” тақырыбында ашық сабақ өтті.
“Нұрай” білім беру орталығының 2025 жылдың желтоқсан айының 02-і күні дене шынықтыру пәнінен 3”А” сыныбында “Жалпы дамытуға арналған жаттығулар” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Қ.Сариев ашық сабақ барысында оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру,бұлшық ет топтарын жетілдіру және дене қимылдарын орындау дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар арқылы сабақты әсерлі де қызықты ұйымдастырды. 
“Путешествие в мир сказок” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
28
қараша
2025
“Путешествие в мир сказок” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара
“Нұрай” білім беру орталығында 2025 жылдың қараша айының 28-і күні “Бастауыш сынып пәндерінде құндылыққа бағытталған білім беру” атты айлық барысында орыс тілі пәнінен 3”А” сыныбында “Путешествие в мир сказок” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Пән мұғалімі С.Мухлис оқушыларды ертегі әлеміне саяхаттауға шақырып, оқушылар “Репка”,”Лев и мышонок”, “Лиса и виноград” атты ертегілерден сахналық қойылым көрсетті. Сонымен қатар, тәжірибе арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа