Біз туралы » Страница 12 » «Білімгер» білім беру орталығы»
«Білімгер» бастауыш мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 5-00-55
Есепші бөлімі:
+7(771) 549-96-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Different jobs” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
28
қараша
2025
“Different jobs” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
2025 жылдың 28 қарашасында “Нұрай” білім беру орталығында ағылшын тілі пәнінен 4”А” сыныбында “Different jobs” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі А.Кеңесбай ашық сабақ барысында оқушылармен жеке,жұптық жұмыс жүргізіп, грамматикамен, артикл арқылы,ағылшын-қазақ тілінде аударма сөздікпен тілдік қорларын дамытты.
“Қыс айлары” тақырыбында ашық сабақ өтті.
26
қараша
2025
“Қыс айлары” тақырыбында ашық сабақ өтті.
2025 жылдың қараша айының 26- күні “Нұрай” білім беру орталығының қазақ тілі пәні мұғалімі А.Кеңес 3”В” сыныбында “Қыс айлары” тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда жасанды интеллект, жаңа технологиялар әдістері арқылы білімдерін нығайтты.
Би-салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі.
26
қараша
2025
Би-салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі.
Би жаттықтырушылары не дейді? Би-салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі. Ол ең алдымен,баланың денсаулығына оң әсер етіп,психологиялық тұрғыдан беріктік сыйлайды. Әрдайым белсенді болу,жаңа әрі ерекше қимыл-әрекеттер координацияны дамытып, физикалық тұрғыдан жетілдіре түседі. 
"Ұлдарға өсиет" атты дөңгелек үстел өткізді.
21
қараша
2025
"Ұлдарға өсиет" атты дөңгелек үстел өткізді.
2025 жылдың қараша айының 21-і күні "Нұрай" білім беру орталығының "Ұлан" ұлдар кеңесімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Н.Бегимбаева "Ұлдарға өсиет" атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: ұлдарды әдептілікке, үлкенді сыйлауға, қыздарды құрметтеуге, жауапкершілікке және мейірімділікке тәрбиелеу. Осы мақсатта психологиялық ахуал орнатылып, ұлдарға тақырыпқа сай өсиеттер мен кеңестер беріліп, ойлары ортаға салынып, талқыланды. Қорытындысында "Менің уәдем" бөлімде
"Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңі
19
қараша
2025
"Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңі
2025 жылдың қараша айының 14-і күні математика пәнінен  республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңіне "Нұрай" білім беру орталығының 3"А" сынып оқушысы Бақыт Санжар, 4 "А" сынып оқушысы Сарсабек Айсұлтан, 4"Б" сынып оқушысы Бекзат Амирхан қатысты. Нәтижесінде  4"А" сынып оқушысы Сарсабек Айсұлтан жүлделі ІІ-орынды иеленсе, Бекзат Амирхан мен Бақыт Санжар сертификатпен марапатталды.
Орыс тілі пәні мұғалімі С.Мухлис 2"б" сынып оқушыларымен "Государственные символы" тақырыбында ашық сабақ өткізді
17
қараша
2025
Орыс тілі пәні мұғалімі С.Мухлис 2"б" сынып оқушыларымен
2025 жылдың 17-сі қарашасында "Нұрай" білім беру орталығының орыс тілі пәні мұғалімі С.Мухлис 2"б" сынып оқушыларымен "Государственные символы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта жасанды интеллект элементтері,  QR  арқылы ұялы телефоннан мәлімет беру әдісі, т.б жаңа технологиялар пайдаланылып, жаңа сабақ тереңінен түсіндірілді. Кері байланыс барысында "Бөтелке" әдісі пайдаланылды. Сабақ өз мақсатына жетті.