«Ұлағат» әкелер мектебінің мүшелері және 3-4 сынып оқушылары
2024 жылдың қазан айының 10-күні «Нұрай» білім беру орталығында «Ұлағат» әкелер мектебінің мүшелері және 3-4 сынып оқушылары арасында «Спорт-денсаулық кепілі» атты жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты: Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ұлдардың тәрбиесіндегі әкенің рөлін айқындау. Салауаттылыққа баулып, спортқа құштарлығын ояту. Осы мақсатта «Ұлағатты» әкелер мектебінен 11 ата-ана, 3-4 сынып оқушыларынан 20 оқушы қатысты.