Біз туралы » Страница 25 » «Білімгер» білім беру орталығы»
«Білімгер» бастауыш мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 5-00-55
Есепші бөлімі:
+7(771) 549-96-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Кәсіби құзыреттілік: Нәтижеге бағытталған білім сапасы” тақырыбында
26
наурыз
2025
“Кәсіби құзыреттілік: Нәтижеге бағытталған білім сапасы” тақырыбында
Наурыз айының 27-і күні “Нұрай” білім беру орталығында “Кәсіби құзыреттілік: Нәтижеге бағытталған білім сапасы” тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесте ІІІ- тоқсанның білім сапасы, “Bilim class” электронды журналының жүргізілу деңгейі, ұстаздарды аттестаттау жұмысының барысы, “ Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында атқарылған жұмыстар, т.б келелі мәселелер қарастырылды.
“Бата беру” күні ұйымдастырылды.
20
наурыз
2025
“Бата беру” күні ұйымдастырылды.
Ұлыстың ұлы күніне орай мектебімізде ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау барысында “Бата беру” күні ұйымдастырылды. Оқушылар ас батасы, сапар батасы, наурыз батасы т.б түрлерінен бата беріп, зор ықыласқа ие болды.
Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай 4 “а”-сынып оқушыларымен
19
наурыз
2025
Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай 4 “а”-сынып
2025 жылдың наурыз айынының 19-ы күні «Нұрай» білім беру орталығында Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай 4 “а”-сынып оқушыларымен «Тұманбай теңіздей терең талантты ақын» атты кеші өткізілді. Кеште оқушылар ақынның “Бауырларым”, “Құстар”, “Көктем”, “Наурыз келді ауылға нарға мініп”, “Таң атты, біраздан соң күн шығады” атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
“Жас дарын” атты өнер байқауы
17
наурыз
2025
“Жас дарын” атты өнер байқауы
2025 жылдың 16-ы күні Тараз қаласында өткен ХХІ Халықаралық балалар, мен жасөспірімдер мен жастарға арналған “Жас дарын” атты өнер байқауында “Нұрай” білім беру орталығының білім алушылары қатысып, 7-9 жас аралығындағы “Хор” номинациясы бойынша “Гран-При” жүлдесімен марапатталды. Өнер жарысына қатысып, жүлдеге ие болған жеңімпаздарды құттықтаймыз!
“Жас дарын” атты өнер байқауында
17
наурыз
2025
“Жас дарын” атты өнер байқауында
Тараз қаласында өткен ХХІ Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған “Жас дарын” атты өнер байқауында 7-9 жас аралығындағы “Хореография.Халық биі” номинациясында оқушыларымыз ІІ- орын жүлдесіне ие болып, Дубай, Стамбул, Венгрия және Италия елдерінде өтетін өнер фестивальдарына тегін қатысуға жолдама алды. Жеңістеріңіз құтты болсын! Біз сіздермен мақтанамыз!
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Нұрай” білім беру орталығында “Шын жүректен кітап сыйла!” атты акциясы ұйымдастырылды.
14
ақпан
2025
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Нұрай” білім беру орталығында
2025 жылдың 14 ақпан күніне орай Республикалық “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Нұрай” білім беру орталығында “Шын жүректен кітап сыйла!” атты акциясы ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасына мектеп ұстаздары мен оқушылары әдеби кітаптарын тарту етіп, оқырмандарға ұсынылды.
“Бастау” республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне “Нұрай” білім беру орталығының 2-4 қазақ және орыс сыныптарынан командалар қатысты.
13
ақпан
2025
“Бастау” республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне
“Бастау” республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне “Нұрай” білім беру орталығының 2-4 қазақ және орыс сыныптарынан командалар қатысты. Қорытындысында аудандық кезеңінен оқушыларымыз ІІ,ІІІ жүлделі орындарды және командалық есеппен ІІІ орынды иеленді.
“Шахмат” үйірмесінен жас ерекшелігіне байланысты 3- сынып оқушылары арасында турнир өткізілді.
04
ақпан
2025
“Шахмат” үйірмесінен жас ерекшелігіне байланысты 3- сынып оқушылары
“Шахмат” үйірмесінен жас ерекшелігіне байланысты 3- сынып оқушылары арасында турнир өткізілді. Турнирдің мақсаты: Оқушыларды логикалық ойлауға баулу. Оқушылар турнирге қызығушылықпен қатысып, қорытындысында жеңіске жеткен оқушылар марапатталып, сыйлықтар табысталды.