Біз туралы » Страница 27 » «Білімгер» білім беру орталығы»
«Білімгер» бастауыш мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 5-00-55
Есепші бөлімі:
+7(771) 549-96-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Пифагор Маэстро” математика пәнінен олимпиадада
12
сәуір
2025
“Пифагор Маэстро” математика пәнінен олимпиадада
2025 жылдың 11-12 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен V Халықаралық “Пифагор Маэстро” математика пәнінен олимпиадада “Нұрай” білім беру орталығының 3”а” сынып оқушысы Айдынұлы Бейбарыс І-орын, 4”б” сынып оқушысы Болат Айым ІІ- жүлделі орындарды иеленіп, марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
08
сәуір
2025
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
Жас ұрпақтың санасында оқу сауаттылығы мен әдеби кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Нұрай" білім беру орталығында 1,2 сынып оқушылары арасында  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ең жылдам оқитын оқушы" атты минутқа жылдам оқу жарысы өткізілуде. Жарыс қорытындысы мамыр айында жарияланады.
Объявление!
01
сәуір
2025
Объявление!
Объявление! Прием в 1 класс на 2025-2026 учебный год в образовательном центре «Нурай» продолжится с 1 апреля по 31 августа. Заявки принимаются через портал egov.kz «Электронное правительство». Список документов: *  Заявление родителей; * 2 фотографии ребенка  3х4; * Справка о состоянии здоровья по форме 065/у; * «Детский паспорт здоровья» Справка по форме 052-2/у. Контактный номер: 87754218079
Хабарландыру!
01
сәуір
2025
Хабарландыру!
Хабарландыру! "Нұрай" білім беру орталығында 2025-2026 оқу жылында 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуірден бастап 31 тамыз айына дейін жалғасады. Өтініштер  egov.kz "Электронды үкімет" порталы арқылы қабылданады. Құжаттар тізімі: * Ата-ананың өтініші; * Баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті; * 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; * "Бала денсаулығының паспорты"  052-2/у нысандағы анықтама. Байланыс телефоны: 87754218079
2025 жылдың наурыз айының 28-29 күндері аралығында облыстық шахмат турнирі
01
сәуір
2025
2025 жылдың наурыз айының 28-29 күндері аралығында облыстық шахмат
2025 жылдың наурыз айының 28-29 күндері аралығында облыстық шахмат турнирінде "Нұрай" білім беру орталығының "шахмат" үйірмесінің  оқушылары 2"б" сынып оқушысы З.Үсен, 3"б" сынып оқушысы А.Нашекен, 4"а" сынып оқушысы А.Ермекбай қатысып, бақ сынасты. Нәтижесінде 3"б" сынып оқушысы А.Нашекен марапатқа ие болды.
“Кәсіби құзыреттілік: Нәтижеге бағытталған білім сапасы” тақырыбында
26
наурыз
2025
“Кәсіби құзыреттілік: Нәтижеге бағытталған білім сапасы” тақырыбында
Наурыз айының 27-і күні “Нұрай” білім беру орталығында “Кәсіби құзыреттілік: Нәтижеге бағытталған білім сапасы” тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесте ІІІ- тоқсанның білім сапасы, “Bilim class” электронды журналының жүргізілу деңгейі, ұстаздарды аттестаттау жұмысының барысы, “ Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында атқарылған жұмыстар, т.б келелі мәселелер қарастырылды.
“Бата беру” күні ұйымдастырылды.
20
наурыз
2025
“Бата беру” күні ұйымдастырылды.
Ұлыстың ұлы күніне орай мектебімізде ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау барысында “Бата беру” күні ұйымдастырылды. Оқушылар ас батасы, сапар батасы, наурыз батасы т.б түрлерінен бата беріп, зор ықыласқа ие болды.
Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай 4 “а”-сынып оқушыларымен
19
наурыз
2025
Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай 4 “а”-сынып
2025 жылдың наурыз айынының 19-ы күні «Нұрай» білім беру орталығында Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай 4 “а”-сынып оқушыларымен «Тұманбай теңіздей терең талантты ақын» атты кеші өткізілді. Кеште оқушылар ақынның “Бауырларым”, “Құстар”, “Көктем”, “Наурыз келді ауылға нарға мініп”, “Таң атты, біраздан соң күн шығады” атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
“Жас дарын” атты өнер байқауы
17
наурыз
2025
“Жас дарын” атты өнер байқауы
2025 жылдың 16-ы күні Тараз қаласында өткен ХХІ Халықаралық балалар, мен жасөспірімдер мен жастарға арналған “Жас дарын” атты өнер байқауында “Нұрай” білім беру орталығының білім алушылары қатысып, 7-9 жас аралығындағы “Хор” номинациясы бойынша “Гран-При” жүлдесімен марапатталды. Өнер жарысына қатысып, жүлдеге ие болған жеңімпаздарды құттықтаймыз!
“Жас дарын” атты өнер байқауында
17
наурыз
2025
“Жас дарын” атты өнер байқауында
Тараз қаласында өткен ХХІ Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған “Жас дарын” атты өнер байқауында 7-9 жас аралығындағы “Хореография.Халық биі” номинациясында оқушыларымыз ІІ- орын жүлдесіне ие болып, Дубай, Стамбул, Венгрия және Италия елдерінде өтетін өнер фестивальдарына тегін қатысуға жолдама алды. Жеңістеріңіз құтты болсын! Біз сіздермен мақтанамыз!